"Сот шешімін орындамаған": ақтөбелік қоғам белсендісі қамауға алынды
Жарияланған күні:
Бүгін, 13 тамызда Ақтөбе соты белсенді Еркебұлан Құлбасовты қамауға алу туралы қаулы шығарды. Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсендіге сот шешімін орындамады деген айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе соты 12 тамызда Еркебұлан Құлбасовты 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі қаулы шығарды. Оған сот шешімін орындамады, банк алдындағы берешегін өтемеді деген айып тағылды.
"9 тамызда Ақтөбе тұрғыны Е.Қ. Кулбасовқа қатысты сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Е.Құлбасов қаржы ұйымының талап-арызы бойынша 4 млн теңгеден астам сомада кредит бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамаған. Ол 2021 жылы несие алып, ай сайынғы төлемді төлемеген", - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, Еркебұлан Құлбасов утильалымға қарсылығымен танылған белсенділердің бірі.
Авторы: Ардақ Ерубаева
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148486-sot-sheshimin-oryndamagan-aqtobelik-qogam-belsendisi-qamauga-alyndy/