Бүгін еліміздің мегаполистерінде күн 39 градусқа дейін ысып, жаңбыр жауады
Опубликовано:
Астана, Алматы мен Шымкенте 15 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,1 м/с болмақ.
Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін аспан ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 39 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2149110-bugin-elimizding-megapolisterinde-kun-39-gradusqa-deiin-ysyp-zhangbyr-zhauady/