jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Шымкентте күніне 700 тонна қоқыс шығарылады": жауапты компаниялар тасымалдауға үлгермей жатыр (видео)

қоқыс
Қоқысқа толған Шымкент көшелері. Видеодан скриншот: otyrar.kz

Шымкент көшелерінде қоқыс үйінділері көбейді, тіпті кей көшелерде бір апта бойы тазаланбаған тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, қатты ыстықта ашық жатқан күл-қоқыстың қолаңсы иісі тұрғындарды әбігерге салды. Олар жыл сайын ақысы өскенімен, көрсетілетін қызмет сапасының нашарлап кеткен, ал жауапты компания түрлі сылтау айтады деп шағымданды.

"Қоқыстар 1-2 апталап жата береді. Алмайды, ақшасын төлеп жатырмыз. Иістері жаман қатты шығады. Әркім әртүрлі тастайды. Өлексе тастайды, басқасын тастайды. Беті жабық болса мейлі ғой, қоқыстар желмен шашылып кетеді", дейді Шымкент қаласының тұрғыны Манас Бақбаев.

Жаз мезгілінде тұрмыстық қалдықтар көп шығаралады, сондықтан қоқыстарды жинап үлгермей жатыр. Жауаптылар осылай дейді. Олардың сөзінше қаладан күніне 700 тонна қоқыс шығаралады. Оған бас-аяғы 10 компания жұмылдырылған. Жер үйде тұратын тұрғындар тікелей қоқыс таситын компаниялармен келісімішартқа отыруы қажет, ал әкімдік тек қадағалайды. Дегенмен қоқыс үш күннен артық жатса, айыппұл салынады.

"Бір қоқыс таситын көлік 10 көшеден кейін толады. Қазір 5 көшеден толып қалып жатыр. Кесте бойынша үлгермей жатыр мердігер мекемелер. Одан бөлек, газ мәселесі де бар. Газдың тапшылығынан кезекте тұрып, уақыт алады", - деп жауап берді Абай ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Мейіржан Әжідин.

"Шымкентте күніне 700 тонна қоқыс шығарылады": жауапты компаниялар тасымалдауға үлгермей жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.