jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қостанай тұрғындары "әкімнің" атынан келген хабарламаға сеніп, жиған-тергенінен айырылып қалды

Қостанай қаласының әкімі
Қостанай қаласының әкімі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қостанай қаласының тұрғындары қала әкімі Марат Жүндібаев атынан келген хабарламаға сеніп, жиған-тергенінен айырылып қалды. Ғаламтор алаяқтары осындай қылмыстық әдіс арқылы өткен аптада рекордтық пайда тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың атын жамылған алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы талай жанды тақырға отырғызып кеткен.

"Алаяқтар WhatsApp желісінде аккаунт ашты. Қолда бар жалпы ақпараттан олар әкімнің барлық жеке мәліметтерін, профильдік фотосуретін енгізіп, одан кейін чат құрып, "ҰҚК қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр, мен сіздің нөміріңізді бердім, олар сізге хабарласады. Олардың айтқандарын орындау қажет" деген хабарлама жіберген. Артынша ҰҚК-нің жалған өкілдері қызметкерлермен байланысып, жинақтарыңызды қауіпсіз шотқа аударуды талап етеді", - дейді Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Болат Иманов.

Оларға сеніп қалған жандар жеке шотындағы ақшасын аударып жіберген. Полиция департаментінің мәліметінше, өткен аптада қылмысткерлер 53 млн теңге рекордтық мөлшерде пайда тапқан. Бұл жыл басынан бері алаяқтар қолды қылған 360 млн теңгенің 15 пайызы. Қостанайда өткен жылмен салыстырғанда ғаламтор қылмысы биыл едеуір көбейді. Әкім, мекеме басшылары атынан ұжым қызметкерлеріне хабарлама жіберу жиіледі.

"Жуырда дәл осындай жағдай Қостанайдағы медициналық орталықтардың бірінде болды. Қаскүнемдер осы әдісті қолдану арқылы оңай олжаға кенелген. Мәселен осы ұйымның қызметкері алаяқтарға сеніп, 15 млн теңге көлемінде ақша аударған. Жәбірленушінің айтуынша, ол бұл қаражатты 20 жылдан астам уақыт бойы жинаған", - дейді Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Болат Иманов.

Полиция қызметкерлері интернет алаяқтардың кесірінен халықтың шығынға батып жатқанын айтып, дабыл қағуда. Оларды телефонмен келген хабарламаларға аса мұқият болуға шақырады.

Қостанай тұрғындары "әкімнің" атынан келген хабарламаға сеніп, жиған-тергенінен айырылып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.