jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"ҚазАвтоЖол" қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Жауын-шашын
Жауын-шашын. Көрнекі фото: Thomas Winz/Getty Images

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады. Ақпарат ҰҚ Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Сол себепті жолда түрлі қиын жағдайлар туындап, жауын жауып, қатты жел болуы мүмкін, дейді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

"Республикалық жолдарда барлық жүргізушілерді жолда мұқият болуларыңызды сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстап, аяқ асты маневрларды жасамаңыздар.

Рөлде мұқият болыңыз. Егер де жолда көмек қажет болса, 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз. Ақпараттық экрандағы хабарламаларға жиі назар аударыңыз", - делінген хабарламада.

"ҚазАвтоЖол" қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.