jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Қойдың майы жақсы босаңсытады": Түркістан облысында Қазақстандағы жалғыз мануалды терапия орталығы бар (видео)

Алмас Ақбердиев
Алмас Ақбердиев. Видеодан скриншот: ontustiktv.kz

Түркістан облысында омыртқа ауруын емдеумен айналысатын Қазақстандағы алғашқы және жалғыз мануалды терапия орталығы бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Turkistan.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында Қазақстандағы алғашқы және жалғыз мануалды терапия орталығы бар. Қазір омыртқа ауруын емдеумен айналысатындар көп. Дегенмен тек осы бағытта жұмыс істейтін үлкен орталық біреу ғана.

Алмас Ақбердиев адамдарды қолмен емдеумен айналысады. Оның мануалды терапия бағытындағы орталық ашамын деген арманы он жылдан кейін орындалған. Өз ісін сүйіп жасайтындықтан, мақсатынан танбай қажырлы еңбек етіп келеді. Тіпті массаж жасауға пайдаланатын майдың құрамын зерттеу үшін Қырғызстанға барып, арнайы мамандардан білім алған әрі тәжірибесін арттырған.

"Қойдың кәдімгі құйрық майымен жасаймын. Оны алдымен тұщытып аламын, себебі ол бұлшық етті жақсы босаңсытады. Көрдіңіз бе, мынаның арасында түйіршік болып жүр, ал басқа майлар бұлшық еттер босата алмайды", - дейді мануалды терапевт Алмас Ақбердиев.

Алмас Ақбердиевтен дертіне дауа іздеп, ем алу үшін адамдар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін көрінеді.

Орталықта шай ішіп, 1-2 сағат ұйықтап алуға да болады. Алдағы уақытта орталыққа бассейн және атпен серуендеуді қосуды жоспарлап отыр. Осылайша омыртқа ауруын емдеуге пайдалы дүниенің бәрі бір жерге шоғырланбақ.

"Қойдың майы жақсы босаңсытады": Түркістан облысында Қазақстандағы жалғыз мануалды терапия орталығы бар (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.