jitsu gif

Қырғызстаннан Қазақстанға 600 мыңнан астам жұмыртқа кері қайтарылды

Жұмыртқа. Көрнекі сурет
Жұмыртқа. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстаннан Қырғызстанға 600 мыңнан астам тауық жұмыртқасы заңсыз тасымалданғаны белігілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қырғыз Республикасының Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанда "Ақ-Тілек" шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің инспекторлары Қазақстаннан елге заңсыз 626 400 дана тауық жұмыртқасы әкелінгенін анықтады, делінген ведомствоның ресми сайтында.

Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің 6 маусымдағы қаулысы бойынша елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша шектеу енгізілген.

"Инспекторлар тиісті қайтару актісін жасап, жүк "Ақ-Тілек" бақылау пункті арқылы Қазақстан Республикасына кері қайтарылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстанның "Токтом" ақпараттық-құқықтық порталы маусым айында елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша алты айға тыйым салынғанын хабарлаған болатын.

Бұл шара Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында енгізілген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.