jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыдағы Құлжа тасжолының бір бөлігі 23-25 тамызда жөндеуге жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Құлжа тасжолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тасжолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тасжолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тасжолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылатынын ескертті.

Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.