jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ИА
Ислам Аманқос
Бұрынғы қызметкер

Биыл Алматыда 1-сыныпқа қанша бала барады

Қала әкімінің орынбасары
Қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Алматы қаласында биыл 28 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мыңға аз. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қалада 21 тамызға дейін бірінші сыныпқа 27 490 бала қабылданды. Білім басқармасы қабылдаудың 31 тамызға дейін жалғасатынын және балалар саны 28 144-ке жетуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова брифингте мәлімдеді.

"Соңғы 3 жылда алғаш рет бірінші сынып оқушылары санының төмендеуі байқалды, өткен жылмен салыстырғанда 4 мың адамға төмендеді. Жалпы, 308519 бала мектеп партасына отырады", - деді Нүсіпова.

Әкім орынбасары мұны демографиялық өзгерістермен байланыстырды. Сонымен қатар бала санының 15 пайызға азаюын қалыпты деп бағалады.

Айта кетсек, биыл Алматыда 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылмайтын болды.

Биыл Алматыда 1-сыныпқа қанша бала барады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.