jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте сарқын су тоғанына хлорелла құйылды: оның пайдасы неде (видео)

Бөржар су тоғаны
Бөржар су тоғаны. Фото: otyrar.kz

Тазартылған сарқынды су сақталатын Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдай жақсарып келеді. Тоғанға хлорелланың жаңа партиясы құйылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығынан Шымкентке 920 литр арнайы сұйықтық жеткізілді. Бұл – 2024 жылдың басынан бастап өсірілген микроорганизмдердің төртінші партиясы.

Хлорелла – тазартылған ағынды судағы қалдық зиянды заттарды жоятын микроорганизм. Ол оттегінің көп мөлшерін бөледі. Сонымен қатар хлорелла балықтардың қорегі саналатын әртүрлі шаян тәрізділер үшін жақсы азық.

Өткен жылы Бөржар жинақтағышына ақ амур және крестьян тұқымының шабақтары жіберілген. Балықтардың тіршілігі үшін тазартылған ағынды су қолайлы. Балықтардың ортаға  бейімделуі  – ағынды судың тазалығының нәтижесі. Егер ағынды су  улы болса, бірден қырылып қалар еді.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігінің жүйелі іс-шаралар жүргізіп, тазарту құрылыстары кешені мен Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Ағынды суды тазартуда жағымсыз иісті жою үшін қымбат компоненттер қолданылады. Мысалы, Айдро өнімі, түрлі биологиялық қоспалар және хлорелла.

Шымкентте сарқын су тоғанына хлорелла құйылды: оның пайдасы неде (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.