jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Елімізде Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар қашан өтеді: оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Биыл 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектебінде бірдей салтанатты жиын өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Білім күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі линейка 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімдігі өкілдері де қалада Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте өтетінін хабарлады.

"Білім күні" 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Менің Отаным – Қазақстан!" тақырыбында дәстүрлі сынып сағаты өтеді, одан кейін сабақтар кесте бойынша жалғасады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай ӨКҚ өткен брифингте қала мектептерінде алғашқы қоңырау демалыс күніне байланысты 2 қыркүйекте өтетінін айтқан еді.

Елімізде Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар қашан өтеді: оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.