jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістандық таеквондошылар Қытайда өткен халықаралық турнирден олжалы оралды

Спортшылар
Спортшылар. Фото: gov.kz

Қытайдың Уси қаласында халықаралық спорт сайысына елімізден 34 спортшы қатысты. Жиырмадан аса мемлекет қатысқан турнирде Қазақстан құрамасы бірнеше алтын мен күміс және қола медальді қанжығаға байлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістандық спортшылар 13-19 тамыз күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында (WT) өткен "Grand slam-2024" халықаралық турнирінен жүлделі оралды. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық сайыста Нәлібай Жаншуақ 2-орынға (45-61 келі салмақта), Акрамова Шахризод 3-орынға (33-45 келі салмақта) ие болды. Жаттықтырушылары – Тұраров Абзал мен Тұрлыбек Жандарбек.

"Спортқа келгенде таеквондоны өзім таңдадым. 10 жасымнан бастап осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді. Сол үшін де аянбай тер төгуге дайынмын", - дейді түркістандық жас спортшы Жаншуақ Нәлібай. Сондай-ақ ол спорттағы әр жетістігіне қолдау білдіретін ата-анасы мен жаттықтырушысына алғысын жеткізді.

Қазақстандық спортшылар
Қазақстандық спортшылар. Фото: gov.kz

Айта кетейік, аталған халықаралық спорт сайысына елімізден 34 спортшы қатысқан болатын. 20-дан аса мемлекет қатысқан турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орынды иеленіп, 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальді қанжығаға байлады.

Түркістандық таеквондошылар Қытайда өткен халықаралық турнирден олжалы оралды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.