jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Биыл Қазақстанда қанша бала мектеп табалдырығын аттайды

Оқу-білім
Оқу-білім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан мектептеріне 350 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары қабылданды, олардың 70 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 351 176 бала қабылданған. Биыл барлығы 369 мың бала бірінші сыныпқа барады. 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдіргені хабарланды.

"Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала", - делінген оқу-ағарту министрлігінде.

Еске салсақ, Алматыдағы мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылғанын хабарлаған едік.

Биыл Қазақстанда қанша бала мектеп табалдырығын аттайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.