jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі әйел іздестіріліп жатыр

Лиля Сүлейменова, Ақжаркын Ноғаева
Лиля Сүлейменова, Ақжаркын Ноғаева. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Полицейлер 1981 және 1959 жылы туған Көкшетаудың екі тұрғынын іздестіріп жатыр. Арнайы іздеу топтары құрылды, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Көкшетау полиция басқармасына 65 жастағы анасы Лили Сүлейменованы іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірген.

"Ер адамның айтуынша, 20 тамызда есте сақтау қабілетінің төмендеуімен және шизофрениямен ауыратын анасы үйден шығып кетіп, оралмаған", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаменті өкілдері.

Сүлейменова Лиля. Фото
Сүлейменова Лиля. Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Белгілері: шашы қара, бойы 160 см, дене бітімі нәзік. Қара белдемше мен күртеше, аяғына ақ сандал киген.

Сондай-ақ полицияға 9 тамызда үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен 43 жастағы Көкшетау тұрғыны Ақжарқын Нағаеваның туыстары жүгінген.

Әйелдің белгілері: қой көзі, шашы қызғылт сары түсті, бойы 157 см, қара футболка мен қара күртеше, жасыл кроссовка киген.

Нағаева Ақжаркын. Фото
Нағаева Ақжаркын. Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Екі жағдайда да, туыстары өз күшімен таба алмағандықтан, соңында полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

"Із-түссіз жоғалғандар туралы ақпараттар Астана қаласы мен көршілес облыстардың полиция департаментіне жіберілді. Арнайы іздеу топтары құрылды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары жоғалған әйелдер туралы көрген-білгендер болса, "102" нөмірі арқылы хабарлауды сұрайды.

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі әйел іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.