jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылып жатыр

Үйлердің қасбеттерін жаңарту
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласындағы көп жылдан бері қалыптасқан ғимараттардың сыртқы қасбетін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сәулетшілер облыс орталығындағы ғимараттардың қасбеттерін біркелкілендіру, сондай-ақ көшелердің сәулеті бірыңғай үлгіде тәртіптелу бағытында тиісті жұмыстар жасауда.

Айта кету керек, өткен жылы Қызылорда қаласында 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті демеушілер есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл 100-ден аса үйдің қасбеті жаңартылуда.

Үйлердің қасбеттерін жаңарту
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бірқатар әлеуметтік, әкімшілік, қоғамдық нысанға түнгі жарықтандыру орнатылды. Мұның барлығы қаланың сәулеттік келбетіне жаңа сән әрі әдемі түс беруде.

Ғимараттар мен құрылыстардың архитектуралық-көркемдік безендіру жүйесіне бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға қызылордалықтар ризашылығын білдіруде.

Үйлердің қасбеттерін жаңарту
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Алайда кейбір тұрғындар арасында түсініспеушілік орын алғаны жасырын емес. Осыған орай, әкімдік мамандары мен сәулетшілер тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қасбеттерін қайта жаңғырту барысында қолданылып жатқан материалдардың барлығы жоғары сапалы және өңірдің табиғи ерекшелігіне төтеп бере алады. Бұған дейінгі осындай жұмыстар жүргізілген үйлердің тұрғындары түпкілікті нәтижесін көріп, түсіністік танытып жатыр.

Үйлердің қасбеттерін жаңарту
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қазіргі таңда қала орталығында орналасқан 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері линеарлық панельмен қапталуда.

Сондай-ақ 77 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеттерін заманауи үлгіде әрлеу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.

Қызылордада тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.