jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Мәскеу әуежайында қалып қойған қазақстандық балалар елге қайтарылды

әуежайдағы жолаушылар
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Бірнеше күн бұрын Ресейдің Шереметьево әуежайында тұрып қалған қазақстандық оқушылар үйіне қайтарылды. Бұл туралы 24KZ телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетсек, 28 тамызда әуекомпания рейске кешігіп келген 17 бала мен олармен бірге еріп жүретін ересектердің билеттерінің күшін жойған. Әуежайда ішкі қауіпсіздік рәсімдерінің ұзақ өтуіне байланысты қазақстандықтар кідіріп қалған.

Кеше, 1 қыркүйекте балалардың барлығы Қазақстанға оралғаны белгілі болды.

"Бұл Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі, балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Қазақстандағы балалар құқықтары жөніндегі жеке уәкіл Динара Зәкиеваның, сондай-ақ "Аэрофлотпен" болған мәселені шеше алған оның ресейлік әріптесі Мария Львова-Белованың араласуының арқасында болды.

Аэрофлот билеттерімізді қалпына келтірді. Сондықтан Алматыға аман-есен оралдық. Осы мәселені шешуге ат салысқандардың барлығына алғыс айтамыз", - деп пікір білдірді лагерь директоры Александр Шевченко.

Мәскеу әуежайында қалып қойған қазақстандық балалар елге қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.