jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте ерекше балаларға арналған колледж ашылды

Студент
Студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Сайрам тұрғыны алабында ерекше балаларды тәрбиелеп келе жатқан және жарты ғасырлық тарихы бар мекеме ағымдағы жылы 12 маусым күні колледж дәрежесін алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп-интернат 1979 жылы арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған көмекші мектеп-интернат болып, 2021 жыл 12 мамырда "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешен" болып қалыптасқан.

Ерекше білім алатын балаларды тәрбиелеумен қатар, білім беріп, оларды өмірге бейімдеп, мамандық бойынша дайындайтын мекемелер қатарынан орын алған бұл кешенде 300-ден аса бала, 200 дей қызметкер жұмыс жасап келеді.

Ерекше білім алатын балалар түрлі іс-шараларға қатысып, байқаулардың жүлдегерлері атанып, тәрбиеші, мұғалімдерімен қоса ата-аналарын да қуантып отыр.

Колледжде ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы, тігінші мамандықтары бойынша кәсіп меңгертсе, алдағы уақытта аспаз мамандығы, аяқ киім шебері мамандықтары бойынша топ ашып, мамандар дайындайды.

Қазіргі таңда 48 талапкер оқуға құжат тапсырып, студент атанды.

Шымкентте ерекше балаларға арналған колледж ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.