jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

ҚМДБ неге жабық мекеме: бас мүфти жауап берді

Наурызбай қажы Тағанұлы фотоНаурызбай қажы Тағанұлы
Наурызбай қажы Тағанұлы: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

ҚМДБ неге жабық мекеме саясатын ұстанады? Бірлескен отырысқа келген ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына журналистер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жабық мекеме, баспасөз мәслихатын өткізбейтінін, сол себепті мекемеге қатысты сұрақтар өте көп екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Наурызбай қажы мұсылмандар мерекелері кезінде баспасөз мәслихатын өткізетінін, ашық екенін айтты.

"Біз жылда Құрбан айт және Ораза айттың алдында баспасөз жиынын өткіземіз. Біз жабық мекеме емеспіз, ашықпыз. Бізге БАҚ-тан сұрақтар келеді. Аллаға шүкір, сұрақтың бәріне жауап беріп жүрміз", - деді ҚМДБ төрағасы.

Сондай-ақ журналистер пітір садақадан былтыр қанша сома жиналғанын, оның қайда жұмсалғанын сұрады.

"Бізде пітір садақа жиналатын 400-дей мешіт бар. Өңірлердегі ақшаның бәрі орталыққа келмейді. Әр өңір жеке шешім шығарып, қайырымдылыққа береді", - деді ол.

Жалпы есеп жүргізіле ме деген сұраққа "әрине, жүргізіледі, нақты жалпы сома дәл қазір есімде жоқ. Сіздерге кейін берейін" деп жауап берді ол.

ҚМДБ неге жабық мекеме: бас мүфти жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.