Бақытжан Байжанов сот үкіміне қатысты кассациялық шағымын қайтарып алды
Жарияланған күні:
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов кассациялық шағымын қайтарып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
"Бақытжан Байжанов 26 тамызда сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін кері қайтарып алды, осыған байланысты өтінішхат алдын ала қаралмайды.
Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады", - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Айта кетейік, тамыз айының басында сот кабинетінде Бишімбаев пен Байжанов ісі Жоғарғы сотқа түскені туралы жазба пайда болды. Ол биыл 4 қыркүйекте қаралуы керек болған.
Алайда дәл сол күні Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сотталушы да, оның қорғаушылары да Жоғарғы сотқа жүгінбегенін мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.
Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.
Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды. Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамыр күні сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:
- Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
- Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті.
26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.
Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156106-baqytzhan-baizhanov-sot-ukimine-qatysty-kassatsiialyq-shagymyn-qaitaryp-aldy/