Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нүкенова ісі: Байжановтың адвокаты кассациялық шағымды қайтарып алуға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Бақытжан Байжанов
Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/ Jogargy_sot

Бақытжан Байжанов осыған дейін шыққан сот үкіміне қатысты кассациялық шағымын қайтарып алды. Оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев осы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

KAZ.NUR.KZ тілшісімен әңгіме барысында адвокат Байжанов шағымды қайтарып алғанын растады, бірақ себебін түсіндірген жоқ.

"Байжанов расында кассациялық шағымын қайтарып алды. Себебін айта алмаймын. Бұл – оның шешімі", - деді Ынтықбаев.

Сондай-ақ ол сотталушы кассациялық шағымды кез келген өзіне ыңғайлы уақытта тағы да беруге құқылы екеніне баса назар аударды. Өйткені оның талап қою мерзімі жоқ, деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Бақытжан Байжановтың сот үкіміне қатысты кассациялық шағымын қайтарып алғанын мәлімдеген едік.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.

Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды.

Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамыр күні сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті.

26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.

Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156286-nukenova-isi-baizhanovtyng-advokaty-kassatsiialyq-shagymdy-qaitaryp-aluga-qatysty-pikir-bildirdi/