jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Балалардың көзінше": қаруланған ветеринария қызметкері астаналықтарды шошытты (видео)

Ветқызметкер
Ветқызметкер. Видеодан кадр: instagram/zhurek_help_animals

Осыған дейін желіде қаруланған ветеринария қызметкерінің тұрғындар мен балалардың көзінше иттерді атып жүрді деген ақпарат тарады. Аталған бейнежазбаға "Астана Ветсервис" қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана көшелерінде жүрген ер адамның видеосы Instagram желісіндегі zhurek_help_animals парақшасында жарияланды. Жазба авторы Көктал ауданында көптеген тұрғын мен балалардың көзінше "Астана Ветсервистің" қаруланған қызметкері иттерді атып жүргенін айтады.

Көп ұзамай видеоға қатысты"Астана Ветсервис" өкілдері пікір білдірді. Мамандар Көктал ауданында осылай жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша рейд жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

"Аталған видеоға қатысты келесіні хабарлаймыз: бұл қаңғыбас иттерді аулау үшін қолданылатын "УВЫШ 3вг" пневматикалық газ баллонды шприц. Қазақстанда рұқсат етілген қимылсыз қалдыратын препарат шприцке құйылады.

Қимылсыз қалдыратын препаратты қолданғаннан кейін жануар 3-4 минут бойы қозғалыссыз қалады. Содан кейін жануар "СтопОтлов" жануарлар үйіне жеткізіледі", - деді ветеринария қызметінің өкілдері.

"Балалардың көзінше": қаруланған ветеринария қызметкері астаналықтарды шошытты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.