jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда ЖОО-ға оқуға түсуге мүмкіндік беретін шекті балл өзгеруі мүмкін

студент
Сабақ оқып отырған студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Министрлік отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда білім беру гранттары жоғары оқу орындарының "лигалары" бойынша бөлінетінін және шекті баллдар қайта қаралатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Отандық жоғары оқу орындарымен жұмыс. Олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі жылдың 1 сәуіріне дейін жоғары оқу орындарының білім сапасын тәуелсіз бағалау ұйымдастырылады.

Бұл ретте өлшем ретінде ЭЫДҰ елдері қолданатын көрсеткіштер қолданылады. Бағалау нәтижелері бойынша ЖОО-лар жоғары, орта және нысаналы лигаларға бөлінеді.

Білім беру гранттары: кейіннен гранттар жоғары оқу орны кіретін лигаға байланысты және жоғары балл жинаған, бірақ оқуға түсу конкурсынан өтпеген мектеп түлектерін қолдау үшін сараланбақ. Осы өзгерістер аясында жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл да қайта қаралады", - деді Дүйсенова бүгін.

Жоғары оқу орындарындағыдай, жұмыс сапасын бағалау ТжКБ білім беру ұйымдарында да оларды лигаларға бөле отырып жүргізіледі, деп хабарлады Дүйсенова. Осылайша, жоғары және орта лигаға жатқызылған колледждер қатарынан 100 технологиялық көшбасшылардың тізімі қалыптастырылмақ.

Қазақстанда ЖОО-ға оқуға түсуге мүмкіндік беретін шекті балл өзгеруі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.