jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Біліктілік санатын беруден бас тартқан": Астанада тарих пәнінің мұғалімі сотта жеңіп шықты

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі фото: pixabay.com

Қалалық білім басқармасы тарих пәні мұғаліміне "мұғалім-модератор" біліктілік санатын беруден бас тартқан. Бұл шешіммен келіспеген мұғалім сотқа жүгінген. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жоғарғы соттың Telegram-дағы ресми арнасында келтірілген мәлімет бойынша, педагогтерді аттестаттау бес жылда бір реттен кем емес өткізілетіндігі негізге келтіріліп, арыз қанағаттандырылмаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес арыз иесінің бес жылдық мұғалімдік өтілі болмаған.

Бұл шешіммен келіспеген мұғалім құқығын қорғау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген.

"Педагогтерді аттестаттау ережелері мен талаптарына сәйкес біліктілік санатын беруге өтінішті екі жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар бере алады. Талап қоюшының еңбек өтілін зерделеу оның екі жылдан астам мұғалімдік тәжірибесі бар екенін растады.

Сот талап қоюшының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді", - делінген сот хабарламасында.

Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылған.

"Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған, өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған.

Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді", - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.