Түркістан облысында 4 жұп егіз бір сыныпқа барды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 4 жұп егіз бала 1-сыныптың табалдырығын аттады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, Ордабасы аудаындағы Өтебай Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа 4 жұп егіз бала мектеп табалдырығын аттады.
Аталған білім ошағының 1-а сыныбына барған Серікбай Амина, Серікбай Алинаның ата-анасы 7 баланы тәрбиелеп отырған қарапайым отбасы. Анасы жұмыссыз. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады. Ал 1-ә сыныбындағы Нұрғали Ақарыс пен Нұрғали Бекарыстың отбасында алты бала тәрбиленуде. Әкесі әкімшілікте қарауыл қызметінде, ал анасы үй шаруасындағы әйел.
Сәрсен Нұрдәулет пен Сәрсен Бақдәулеттің отбасында 4 бала тәрбиеленуде. Егіздердің бірі – Асқар Аяна мен Аяла. Бұл отбасыда 6 қыз 1 ұл тәрбиеленуде. Анасы Жаңабекова Баян ауылдық кітапханада меңгеруші болып жұмыс жасайды. Әкесі жеке жер кәсібімен айналысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157756-turkistan-oblysynda-4-zhup-egiz-mektepke-bardy/