jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан жерін Ресей-Еуразия аумағы деп көрсеткен география оқулығы көпшіліктің ашуын туғызды

Карта. Көрнекі фото
Карта. Көрнекі фото: Pixabay.com

Әлеуметтік желіде мектеп оқулығына қатысты дау шықты. Оған 7-сыныптың география кітабындағы дүниежүзілік карта себеп болған. Бұл туралы 31 арнаның Informburo бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Желі қолданушысы картада Қазақстанның орналасқан аумағы дұрыс көрсетілмегенін айтқан. Бұл видео желіде көптің қызу талқысына түскен.

Ал республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының мамандары 7-сыныпқа арналған "География" оқулығы 2017 жылдан бері қолданыста екенін айтады.

География оқулығы
География оқулығы: Фото: Видеодан скрин

"Атамұра" баспасынан шыққан кітапта КСРО-ның ыдырауы кезінде пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің географиялық орнын белгілеу үшін "Ресей-Еуразиялық аймақ" атауы қолданылыпты. Бұл өзгеріп келе жатқан әлемнің тарихи-мәдени аудандарының сызба-картасы деп түсіндірген екен.

"2018 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталық Азияны тәуелсіз аймақ ретінде бөледі. Осыған орай, кейінгі басылымдарда көрсетілген сызбаға тиісті жаңартулар енгізілетін болады. Қазіргі уақытта кейбір деректердің, статистикалық мәліметтердің жаңартылуына байланысты аталған оқулық мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, келесі 2025-2026 оқу жылында оқулық қайта басылып шығарылады",- делінген ҚР Оқу-Ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Қазақстан жерін Ресей-Еуразия аумағы деп көрсеткен география оқулығы көпшіліктің ашуын туғызды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.