jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Шарын" ұлттық паркінде сирек кездесетін жануар фототұзаққа түсіп қалды

Манул. Фото
Манул. Фото: instagram.com/qazaqormany

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Алматы облысындағы "Шарын" ұлттық паркінің аумағында түсірілген манулдың суретін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болды.

"Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзақтың көмегімен Қызыл кітапқа енгізілген манул тіркелді", - делінген жазба астында.

Манул – сирек кездесетін және жасырын аң. Ол інінен сирек шығады, олжасын тұтқиылдан шабуыл жасайды. Олардың денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өседі.

Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, олар -50°C-қа дейін суыққа шыдай алады, 1976 жылдан бастап елде бұл жануарларды аулауға тыйым салынды.

Еске салсақ, бұған дейін әр адам баруға тиіс еліміздің көрікті жерлері туралы материал жариялаған болатынбыз.

"Шарын" ұлттық паркінде сирек кездесетін жануар фототұзаққа түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.