jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстауда мерзімді қызметтегі сарбаздың қазасы: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Әскердегі сарбаз
Әскердегі сарбаз: freepik.com

Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы полигонда мерзімді қызметтегі сарбаздың қазасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің Telegram-дағы ресми арнада пайда болған ақпаратқа сәйкес, 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы қаза тапты.

"Іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде. Кінәлі тұлғалар Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды.

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмғанын хабарлаған едік.

Кейіннен сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдаған еді.

Маңғыстауда мерзімді қызметтегі сарбаздың қазасы: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.