jitsu gif

Көшпенділер ойының ашылу салтанатында этноауылда шетелдік кішкентай қыз жоғалып кетті

Ұлттық ұлан қызметкерлері мен Түркия елінің азаматы
Ұлттық ұлан қызметкерлері мен жоғалған қыздың әкесі Фото: polisia.kz

ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келіп, қызын жоғалтып алған Түркия елінің азаматына көмектесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Полиция ақпаратынша, оқиға 8 қыркүйекте этноауыл қалашығында болған.

Кіші сержант Рауан Иманбердиев пен ефрейтор Нұрдос Манас қараусыз қалып, жылап тұрған қызды байқап қалады. Дереу ата-анасына іздеу салған әскери қызметшілер көп ұзамай қыз баланың әкесін тапқан.

Олар ер адамның жеке басы анықталған соң балақайды табыстаған.

Айта кетсек, 8-13 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан ауқымды іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты назарда. Ішкі істер органдары қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтардың тыныштығын сақтау мақсатында күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр.

Көшпенділер ойының ашылу салтанатында этноауылда шетелдік кішкентай қыз жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.