jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елімізде күн жылынып, жауын-шашын тоқтайды

Күз мезгілі
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжауынша, 10-12 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағы арқылы жылжитын кең антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды.

Синоптиктер мәліметінше, түнде ауа температурасы өте төмен болса да, күндіз солтүстік аймақтарда да күн жылы болады.

Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана суық ауа массаларының таулармен соқтығысуынан жаңбыр жауып, оның арты түнде қарға айналады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана, Алматы және Шымкентте алдағы жеті күнде ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Алдағы күндері елімізде күн жылынып, жауын-шашын тоқтайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.