jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында 14 жастағы оқушы қыз домбыра жасап жүр

Кәусар Сүндетқұл
14 жасынан домбыра жасап жүрген Кәусар Сүндетқұл. Фото: gov.kz

Түркістан облысы Келес ауданында 14 жастағы оқушы қыз домбыра жасайды, бұл кәсіпке атасы баулыған екен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Келес ауданы №47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Кәусар Сүндетқұл бала кезінен еңбекқор. Көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп, домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды.

"Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де түрлі бұйымдар жасаймын. Маған бұл қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мектепте көркем еңбек пәні қатты қызықтырады", - дейді талантты оқушы.

Кәусар Сүндетқұл
Кәусар Сүндетқұл. Фото: gov.kz

Айта кету керек, Кәусардың әкесі Қалмырза – шаштараз, ал анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Атасы мен немересінің жасаған қолөнер бұйымдары, домбыралары түрлі көрмеге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие. Жас шәкірттің өзі оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

Түркістан облысында 14 жастағы оқушы қыз домбыра жасап жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.