jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысының азаматтарына енді тегін заңгерлік көмек көрсетіледі

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Өңірдегі сот, әділет органы және адвокаттар арасында тиісті меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vera.kz-ке сілтеме жасап.

Сотқа жүгінгендерге тегін құқықтық көмек көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Қазақстан Республикасының Түркістан облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті, Түркістан облысының Әділет департаменті, Түркістан облыстық адвокаттар алқасы және Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша заң консультанттарының өңіраралық палатасы қол қойды.

"Меморандумның мақсаты – азаматтық, қылмыстық, отбасылық даулар бойынша қоғамдық қатынастар нәтижесінде туындаған дауды шешу жолдарын таңдау мүмкіндігін беру. Сотқа түрлі мәселемен жүгінген тараптарға қолданыстағы заңнама шеңберінде тегін кеңес беру, талап қоюды тиісінше ресімдемеуіне байланысты қайтарылатын істер санын азайту, ақылы заң көмегін алу мүмкіндігі жоқ, аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, медиация рәсімі тәртібінде дауларды шешудің артықшылықтарын түсіндіретін тиімді тәсілдерді қолдану", - деп атап өтті өңірлік соттың баспасөз қызметі.

Түркістан облысының азаматтарына енді тегін заңгерлік көмек көрсетіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.