Оқу кабинеттерін жалға алмақшы болған: Шымкентте оқушылар мектепке сыймай жатыр
Жарияланған күні:
Қаланың 13 мектебінде оқушылар саны жобалық сыйымдылығынан бірнеше есе асып түседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу орындарындағы жүктемені азайтуға тырысқан құзыретті орган оларды кеңейтіп, түрлі ұйымнан үй-жайларды жалға алуға шешім қабылдаған. Алайда бұл идея барлығына ұнай қойған жоқ. Мектептердің бірінде ата-аналар қолайсыз жағдайға байланысты балаларын ауыстырудан бас тартқан.
№29 мектеп оқушыларының ата-аналары Шымкент қалалық білім бөліміне жүгінген. Себебі, Светлана Сахнова айтқандай, жаңа оқу жылында олардың мектебі 6-7-сынып оқушыларын сыйдыра алмаған.
"Біздің мектеп директоры №29 мектептің ғимаратында бұрын шеберханалар болғанын, олар қауіпті деп танылып, оқу кабинеттері болуға жарамсыз екенін айтты. Сондықтан біз көшуіміз керек", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Светлана Сахнова.
Мектепте қажетті 700-дің орнына екі есеге артық бала оқып жатыр. Басқа ғимаратта кабинеттерді жалға беру туралы шешім қабылданған. Алайда бұл ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды. Тар дәліздер мен бөлмелер, ортақ дәретханалар – мұның бәрі наразылықтың себебі. Жанжалдан кейін директор Майра Мамахова мектепті жаппай көшіру болмайтынын айтып сендірді.
"Ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. 100-ден астам бала өздерінің ықшам ауданы бойынша ауыстырылды. Міне, қазір кесте құрдық, орындарымыз бар, мәселе шешілді", - дейді мектеп директоры Майра Мамахова.
"Қазір қалада үш ауысымдық оқыту режиміне көшетін 13 мектеп бар. Бірақ мәселе биыл шешілуі тиіс. Жақында қаламызда жаңа жайлы мектептер ашылады деп уәде беріп отыр", - дейді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Әшірбек Әдиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160153-oqu-kabinetterin-zhalga-almaqshy-bolgan-shymkentte-oqushylar-mektepke-syimai-zhatyr/