Еліміздегі алғашқы ең ұзын автомобиль тоннелі пайдалануға берілді
Жарияланған күні:
Бүгін, 12 қыркүйекте Түркістан облысында еліміздегі алғашқы ең ұзын тоннель ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннельдің ұзындығы – 840 метр, ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр.
1Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннельдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылған.
Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннельді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған", - дейді ведомство өкілдері.
Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.
"Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өткендігін атап өткен жөн. Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннельдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство өкілдері төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталып, жол қызметтеріне нұсқаулық берілгенін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі шілдеде пайдалануға берілетінін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160549-elimizdegi-algashqy-eng-uzyn-avtomobil-tonneli-paidalanuga-berildi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.