jitsu gif branding logo appbranding logo app

Яндекстің Іздеу жолағы арқылы нейрожелі мүмкіндіктерін сынап көруге болады

Яндекс Іздеу нейрожелімен
Фото: Яндекс

Енді қазақстандықтар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану үшін Яндекс Іздеу жолағына сұрауын қазақ және орыс тілдерінде жаза алады. Пайдаланушының сұрағына жауап беру үшін нейрожелі интернеттегі барлық қолжетімді деректі зерделейді, қажетті дерек көздерін таңдап, барлық ақпаратты көлемді хабарлама етіп топтап, сол материалдардың сілтемелерін тізіп береді. Осылайша пайдаланушылар бірнеше сайтты ақтармай, бір ғана сұраумен тақырыптар бойынша ақпаратты жылдам таба алады.

Қазақстандықтар үшін нейро мүмкіндіктер биыл жазда қолжетімді болды. Бұған дейін жасанды интеллект әлеуетін пайдалану үшін Яндекс Іздеудің бас бетіндегі арнайы режимге өту керек болды. Ал қазір сұраққа жауап сайттарға әдеттегі сілтемелердің үстінде пайда болады. Жауапты жібермес бұрын нейрожелі пайдаланушының сұрауын талдап, пайдаланушыға бірнеше дереккөз негізіндегі қорытынды жауап пайдалы болу-болмауын анықтап алады.

Яндекс Іздеу нейрондық желімен
Фото: Яндекс

Мұндай құрал пайдаланушы қандай да бір сұрақтың жауабын тез тапқысы келген жағдайда қажет. Мысалы білім беру, тарих саласындағы сұрақтарды алсақ болады. Пайдаланушы Яндекс Іздеуіне Қазақстан аумағында Ұлы Жібек жолында қандай қалалар болды немесе Алтын орда экономикасының ерекшелігі неде деген сұрауларды жазады. Мұндай мүмкіндік жаңа дағды үйреніп, өзіне хобби таңдағысы келетіндер үшін да пайдалы болатынын анық. Мысалы, домбыра тартуды қалай үйренуге болады немесе балық аулау үшін қандай саймандар керегі бойынша Нейродан кеңес алуға болады.

Нейрожеліні тың әрі өзекті ақпаратты табу үшін қолданады. Тіпті шыққанына небәрі бірнеше сағат болған ақпарат та Нейроның назарынан тыс қалмайды. Сондықтан пайдаланушы Яндекс Іздеу жолағында Нейро көмегімен тың мәлімет ала алады. Мысалы, шарттары жаңартылған соң "Наурыз" ипотекасын қалай алуға болатынын тез біле алады.

Яндекс Іздеу нейрондық желімен
Фото: Яндекс

Нейро ауызекі стилді де түсінеді. Сондықтан Іздеуде ақпаратты оңай табасыз: сұратымды ойға түскен бірінші сөзбен-ақ іздеуге болады. Сервис мәлімет алған дереккөздердің сілтемелерін де жинап береді. Сілтемелер табылған мәтін астында жеке блокпен ұсынылады. Осылайша пайдаланушы нейро ұсынған фактілердің барлығын тексеріп алып, ұнаған тақырыбына терең үңіле алады, ал ақпарат ұсынған алаңдар – қосымша трафикке ие болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.