jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда автокөлік қалдықтарын өлшеу басталды

Қоғамдыққ көліктер
Қоғамдық көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен Sergek Group компаниясымен бірлесіп оңтүстік астанада спектрометрлер орнатылды. Бұл туралы бақылау органына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Алматыда автокөлік қалдықтарын өлшеу үшін спектрометрлер орнатылды.
  • Спектрометрлер көлік құралдарын тоқтатпай-ақ пайдаланылған газдар туралы деректерді жинайды.
  • Жобаның мақсаты - Алматы автопаркінің экологиялық стандарттарға сәйкестігін бағалау және қала экологиясын жақсарту.

Спектрометр – дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалауға қабілетті көлікқұралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы.

Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағындатар учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды.

EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде.

Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.

Бастама қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі екені айтылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.