jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Үсік, жаңбыр, қар: синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

гүл
Үсік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Республиканың шығысында түнгі уақытта қар жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түсіп, 16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз республиканың батысында +20...+30°С, солтүстік-батысында +12...+25°С, шығысында +5...+18°С, оңтүстігінде +23...+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15...+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10...+23°С-тан +15...+27°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.

Үсік, жаңбыр, қар: синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.