jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматының кейбір көшелерінде қазан айының басына дейін автокөлік қозғалысы шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда құбырларды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандықтан, кейбір көшелерде қазан айының басына дейін автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, биыл жылыту маусымы аралығында "АлТС" ЖШС жалпы ұзындығы шамамен 20 км болатын жылу желілерін қайта құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жұмыстың нәтижесінде желілердің тозуын 1,8 пайызға азайту жоспарланып отыр.

"Құбырларды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген кезде қайта құру аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік қозғалысы шектелді.

Бүгінгі таңда жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілген қала көшелерінде қозғалыс шектелген құрылыс-монтаж жұмыстары 7 учаскеде аяқталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мердігер ұйымдар аумақтарды абаттандыруға кіріскен, ал жұмысты қыркүйек айының соңына дейін ауа райы жағдайын ескере отырып, мына учаскелерде аяқтау жоспарланған:

  • 15 қыркүйекке дейін Ескараев көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Сүйінбай даңғылында Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейін;
  • 17 қыркүйекке дейін Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін;
  • 20 қыркүйекке дейін Қожанов көшесінде Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Дунаевский көшесінде Жароков көшесінен шығыс бағытта;
  • 30 қыркүйекке дейін Жүргенов көшесінде Баишев көшесінен Тянь-Шаньская көшесіне дейін, сондай-ақ Қожанов көшесінде ЦТРП-дан Жароков көшесіне дейін.

"Қозғалыс шектелген басқа 7 нысанда жұмыстар қазан айының басында аяқталады", - дейді әкімдік өкілдері.

30 қыркүйекке дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын ескере отырып, мына аумақтарда жұмыстарды аяқтау жоспарланған:

  • Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін;
  • ⁠Шопен көшесінде Байкадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін;
  • Макатаев көшесінде Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейін;
  • Дунаевский көшесінен «Алмагүл-Южный» сорғы станциясына дейінгі бұрылыста.

6 қазанға дейін мына көшелерде жұмыстар аяқталады:

  • Тургенев көшесінде Черепанов көшесінен Тоқтабаев көшесіне дейін;
  • Байқадамов көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін;
  • ⁠Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін.

Спасск көшесінде Бекмаханов көшесінен Урицкий көшесіне дейінгі және Воровский көшесіне дейінгі қозғалыс мерзімінде қалпына келтірілді.

"Мердігер ұйымдар темірбетон бұйымдары мен құбыр өнімдерін шығаратын зауыттардың жоғары жүктемесіне байланысты кейбір нысандағы жөндеу жұмыстарын ұзартуға мәжбүр болды. Бұл құрылыс материалдарының жеткізілуіне және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімін ұзартуға әсер етті.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Алматының кейбір көшелерінде қазан айының басына дейін автокөлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.