Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Құлжа трактісінің учаскесі уақытша жабылады

Жарияланған күні:

Құлжа трактіндегі жұмыстар.
Құлжа трактіндегі жөндеу жұмыстары.: Алматы қаласының әкімдігі

15 қыркүйек күні Алматыдағы Құлжа трактісінің учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ️ресми Telegram-дағы арнасында жарияланды. Онда Құлжа трактісінің учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылатыны айтылған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2024 жылғы 15 қыркүйекте сағат 20:00-ден бастап 16 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін "Алматы - Көктал - Шонжы - Қорғас" республикалық маңызы бар автожолының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің 14-16,5 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылатынын хабарлайды.

Бұл учаскеде қозғалыс 11 сағат ішінде реверсивті түрде ұйымдастырылады. Жұмыстар жолдың шығыс жағында жүргізіліп, жол бір жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіледі. Аталмыш жерде арнайы ескерту белгілері мен мердігер мекеменің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания өкілдері тұрғындардан сапарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

"Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің бойындағы елді мекендерде қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161576-almatyda-qulzha-traktisining-uchaskesi-uaqytsha-zhabylady/