jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"ІІМ тарабынан қабылданған қате шешім болды": Аймағамбетов мектеп инспекторларын алып тастауға қатысты ойын айтты

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның мектептерге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларды қайтару керек деген ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Аймағамбетовтың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл ІІМ тарабынан қабылданған қате шешім болды. Мәселе бірнеше рет әртүрлі деңгейде көтеріліп, мектеп инспекторларын алып тастауға болмайтыны туралы айтылып жүрді.

Иә, сол кездің өзінде инспекторлар мектеп жанында жұмыс істеп жатса да, оларды түрлі іс-шаралар мен рейдтерге жиі тартып, негізгі міндеттерінен алаңдататын", - деді депуттат.

Аймағамбетовтың айтуынша, мектептерде инспектордың болуы нақты нәтиже берген. Бұрынғы министр мектеп инспекторларының жоқтығы мәселені одан әрі қиындатып отырғанын айтты.

"Мектеп пен инспекторлар арасындағы жұмыста қиындықтар болды, бірақ оларды басқаша жолмен шешуге болатын еді.

Инспекторлардың жұмысы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей байланысты еді. Қазір мектеп инспекторларының жоқтығы бұл мәселелерді одан әрі ушықтырып отыр", - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүған дейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева Қазақстан мектептерінде балалар арасындағы бұзақылыққа қатысты оқиғалар белең алғаны себепті әр мектепке инспекторларды қайтару керек екенін айтқан болатын.

"ІІМ тарабынан қабылданған қате шешім болды": Аймағамбетов мектеп инспекторларын алып тастауға қатысты ойын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.