Зектілері

"MOТҚҚҚ" ҚБ сарапшылары сапалы таңбалау мен сүт өнімінің әлеуметтік маңыздылығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Cүт
Көрнекі фото: pixabay.com

Сүт – әрбір қазақстандық отбасының дастарханынан күнде табылатын өнім. Ол халықты кальций және ақуыз сияқты қоректік заттармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Әсіресе, Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енетін сүт өнімдерінің сапасына ерекше назар аудару қажет. Қолжетімді және қарапайым халық арасында танымал осындай өнімдердің бірі – майлылығы 2,5% пастерленген сүт. Бұл ультрапастерлеу сүтіне қатысты не айтуға болады? Оның өзіндік айырмашылықтары мен артықшылықтары бар, ең бастысы мұндай сүтті сақтау мерзімі ұзағырақ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Жаңа жылда Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қанша пайыз көтеріледі

2024 жылдың шілде айында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("MОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі Шымкент қаласындағы дүкендердің бірінен сүттің екі түрін сатып алды: майлылығы 2,5% ультрапастерленген, Ресейде шығарылған, көлемі 950 мл және майлылығы 8,6% тұтастай қойылтылып, зарарсыздандырылған беларустық өндірушінің сүті, 300 грамдық қаптамаға салынған. Екі өнім де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалына қауіпсіздік талаптар мен Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін тексеру үшін сараптамаға жіберілді.

Пастерленген және ультрапастерленген сүттің айырмашылығы – температура мен жылулық өңдеу ұзақтығына байланысты. Пастерленген сүт 72-75°С температураға дейін қыздыруды қажет етіп, бұл кезде патогенді микроорганизмдердің көпшілігі өледі, бірақ өнімді тоңазытқышта сақтау қажет болады және оны сақтау мерзімі 7-14 күннің аралығын қамтиды. Ультрапастерленген сүтті 135-150°С-қа дейін қыздырғанда бактериялар мен олардың спораларын түгелдей дерлік жояды. Осы процесс ультрапастерленген сүтті тоңазытқышсыз-ақ алты айға дейін сақтауға мүмкіндік беріп, бұл оны тасымалдауға және ұзақ уақыт сақтауға ыңғайлы етеді.

Аккредиттелген зертханада жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына қатысты бірнеше сәйкессіздіктер анықталды. №1 өнім бойынша қаптамада азық-түлік өнімдерін пайдалануға қатысты ұсыныстар немесе шектеулер жоқ екені белгілі болды.

Cүт
Фото: Биятан Жанна

№2 өнім бойынша да ұсыныстар мен оны қолдануға қатысты шектеулердің жоқтығы анықталды. Мұндай маңызды мәліметтер болмаған жағдайда тұтынушыға өнімнің қасиеттерін дұрыс бағалау және оны сатып алуға қатысты негізгі шешімді қабылдау қиындық тудырады. Бұл, әсіресе, аллергиясы немесе арнайы диеталық шектеулері бар адамдар үшін маңызды.

Құқыққорғаушы Алия Алибекова:

"Тұтынушыларға өнімге қатысты нақты ақпарат беру – Қазақстан заңнамасының міндетті талабы. Өндірушілер мен сатушылар бұған ерекше назар аударуы керек, өйткені бұл сатып алушылардың денсаулығына келетін қауіп-қатерді азайтып қана қоймай, әкімшілік жазадан құтылуға да көмектеседі. Бұл өндіруші мен тұтынушы арасындағы сенім мәселесі" дегенді алға тартты.

Жоғарыда айтылғандай, жалпы майлылық үлесі 2,5% пастерленген сүт Қазақстанның әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне енгізілген. Ультрапастерленген сүтті өзінің ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік маңызы бар өнім ретінде де қарастыруға болады. Бұл инфрақұрылымы шектеулі немесе ұзақмерзімді сақтау шарттары бар аймақтардағы отбасыларға кальций мен ақуыз сияқты маңызды қоректік заттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пастерленген сүт тұрақты түрде тоңазытқышта сақтауды қажет етеді және сақтау мерзімі аз, ал ультрапастерленген сүті сақтаудың икемділігін қамтамасыз етеді, бұл оны көптеген қазақстандық отбасылар үшін құнды етеді. Дегенмен, сараптама нәтижелері көрсеткендей, тұтынушылар өнімнің сапасына сенімді болуы үшін мұндай өнімдердің өзі қатаң таңбалау мен қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс.

Сүт
Фото: Биятан Жанна

Кәсіпкерлер техникалық регламенттер мен таңбалау заңнамасының барлық талаптарын сақтау – клиенттердің сенімі мен табысты бизнестің кепілі екенін есте ұстағаны жөн. Ал тұтынушылар үшін қаптамадағы ақпаратты мұқият зерделеу маңызды және сатушыларға өнімнің құрамы мен қасиеттеріне қатысты сұрақтар қоюдан тартынбағаны қажет.

"MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын айтып, қорғап, зерттеу нәтижелерін жариялау арқылы олардың дұрыс таңдау жасауына көмектесу жұмысын жалғастырып келеді. Біздің аккредиттелген зертханалармен ынтымақтастығымыз нарықта қолжетімді өнімдердің сапасы туралы объективті мәліметтерді беруге мүмкіндік жасайды.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165659-motqqq-qb-sarapshylary-sapaly-tangbalau-men-sut-onimining-aleumettik-mangyzdylygy-turaly-aitty/