jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астана қаласы мәслихатының сессиясында самокат тақырыбы талқыланды

Электр самокат
Электр самокаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елорда мәслихаты қаладағы саябақтар мен алаңдарды абаттандыру мәселесін талқылады. Талқылау барысында электрлі скутерлердің мәселесі де қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Астанада 9 саябақ, 4 бульвар және 90-ға жуық скверлер барын айтты. Ал қазір жаңаларын салу мәселесі талқылануда. Ол осы аумақтардағы тәртіпті сақтау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

"Кейін самокат айдағандардың артын қалай жуамыз деп ойлаймыз. Мұндай мәселе бар емес пе, иә? Самокат тебушілердің брусчаткада қалдырған іздерін қалай жуамыз?", - деді ол.

Жиналған депутаттардың бірі ол жерде самокаттарға тыйым салуды ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін полиция қызметкерлері электрлі самокат жүргізушілеріне үндеу жасап, тыйым салынатын жағдайлар туралы ескертті. Сонымен қатар полиция өкілдері 18 жасқа толмаған жүргізушілерге жүргізуші куәлігінсіз жолға шығуға тыйым салынатынын атап өтті.

Астана қаласы мәслихатының сессиясында самокат тақырыбы талқыланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.