Түркістандық 13 жастағы оқушы бес түрлі қамшы өріп, ұлттық бұйымдар жасайды
Жарияланған күні:

Түркістан облысы, Келес ауданының 13 жастағы тұрғыны Бибарыс Қалдыбай бес түрлі қамшы өріп, ұлттық бұйымдар жасай алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ұлттық өнерді жанына серік еткен Бибарыс Қалдыбай №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбында оқиды. Ол әкесі Әділханмен бірге сандық, қамшы, ұлттық бұйымдарды жасайды. Сонымен қатар жас шебер қамшының 5 түрін өре алады. Бибарыс жасаған бұйымдар түрлі деңгейдегі көрмелерге қойылып келеді.
"Ол сабырлы, мейірімді. Бала жас кезінен өнерге қызыққан. Мектептегі іс-шараларға белсене қатысады. Сынып ішінде қиындықтар туып жатса, менімен бірге шешім шығаруға көмегін тигізеді. Сонымен қатар ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Бибарыс мектепте "Қазақша күрес" үйірмесіне қатысады. Оқу барысында білім деңгейінің көрсеткіші жақсы. Сабаққа үнемі дайындықпен келеді", - деді Бибарыстың мұғалімі Гулнихол Абдурахманова.
Қазіргі таңда №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 600-ден аса оқушы білім алады. Мектепте оқушыларды еңбекке баулу мақсатында түрлі шаралар да ұйымдастырылып отырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165998-turkistandyq-13-zhastagy-oqushy-bes-turli-qamshy-orip-ulttyq-buiymdar-zhasaidy/