jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Тауға бармаңыздар": төтеншеліктер Алматы тұрғындары мен туристерге ескерту жасады

Алматы таулары
Алматы таулары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 26-27 қыркүйек аралығында қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Осыған орай қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға кеңес берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"26-27 қыркүйек аралығында қатты жаңбырға байланысты Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда бүйірлі ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертеміз.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтардан тауға бармауды сұраймыз", - делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салсақ, "Қазгидромет" мамандары 26-27 қыркүйекте Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында нөсер жаңбыр жауады деген болжам жасады. Осыған орай ведомство өкілдері өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасуы мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ бұған дейін ірі қалалардағы ауа райы болжамы жарияланды. Болжам бойынша, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с болады.

"Тауға бармаңыздар": төтеншеліктер Алматы тұрғындары мен туристерге ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.