Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр жауғанда қиын": атыраулықтар мектепке апаратын тротуарды өздері жасауға кірісті (фото)

Жарияланған күні:

жол
Жаяу жүргіншілер жолы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері әкімдіктен мектепке дейінгі жаяу жүргіншілер жолын салып беруді сұрап жүрген. Алайда жергілікті билік мәселеге көңіл бөлмегендіктен тұрғындар ақша жинап, жол салуға өздері кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұрғындар бірігіп ағаш пен кірпіш алып № 40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектепке дейінгі тротуарды салып жатыр.

"Осы маңайдағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрамыз. Немерем мектепке қара жолмен барады. Жаңбыр, қар жауғанда қиын, аяқ-киімі, үсті балшық болып келеді. Былтыр да осы жерде жігіттер ағаштан жол жасап қойды, ол ескіріп, міне тағы жаңасын жасап жатыр", - дейді тұрғын.

Атырау қаласының белсендісі Нұрлан Жунасовтың айтуынша, былтыр ол осы мәселені көтерген, бірақ ешқандай шара қолданбаған.

жол
Жаяу жүргіншілер жолы. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Жігіттір ағаш поддон сатып әкеліп балаларына жол төсеп жатыр. Мұнайлы астана дейміз. Былтыр мәселе көтерілгенде әкімдіктен өкілдер келіп, осы жерді өлшеп кеткен. Бірақ сол кеткеннен мол кетті. Ешқандай жұмыс жасалмады",- дейді Нұрлан Жунасов.

Қала әкімі баспасөз қызметі өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Аталған аумаққа жаяу жүргіншілер жолы жобаға енгізілген. Құрылыс жұмыстары алдағы аптада басталады деп жоспарланды", - деп сендірді әкімдік өкілі.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166276-zhangbyr-zhauganda-qiyn-atyraulyqtar-mektepke-aparatyn-zhaiauzholdy-ozderi-zhasauga-kiristi-foto/