jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астанада қоғамдық көліктердің бірінің бағыты өзгереді

Елорда
Көрнекі фото: facebook.com/CityTransportation

Астанадағы қалалық автобустардың бірінің бағыты осы аптаның соңынан бастап өзгереді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

CTS-тің Instagram-дағы парақшасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, 28 қыркүйектен бастап № 81 бағдардың қозғалыс сызбасы екі бағытта да өзгереді. Енді автобус Қарасай көшесі арқылы жүретін болады.

"Орда" базары бағытында бағдар Конституция көшесімен жүрмей, К. Байсейітова көшесінен Қарталы, Қарасай көшелеріне бұрылып жүреді.

Бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Еске салсақ, Астанада 11 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгеретінін хабарлаған едік.

"Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысында 101 жаңа автобус оқушыларды тасымалдайтынын жазған болатынбыз.

Астанада қоғамдық көліктердің бірінің бағыты өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.