Алматы маңындағы тауларға қар жауды (фото)
Жарияланған күні:

Бүгін Алматы мен Алматы облысында ұзаққа созылған жаңбырдан кейін тауларда қар жауды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ольга Рябева есімді желі қолданушысы Instagram-дағы парақшасында алғашқы қардың суреттерімен бөліседі.
"Бүгін қар жауды. Неге сонша ерте жауған? Таудағы өмір керемет, бірақ жазы тым қысқа" - деп жазды ол.
Telegram-дағы арналарда Алматы облысында жауған қардың суреттері де пайда болды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы тауларында алғашқы қар 2 қыркүйекте жауды. Бұл Шымбұлақ тау шаңғысы курортындағы камераларға түсіп қалған. Қар Богданович мұздығы мен ортаңғы станция маңында байқалды.
Сонымен қатар мамырдың аяғында Алматы тауларына қар жауды. Әлеуметтік желілерде мамыр айындағы ерекше ауа райы құбылысының куәгерлерінің видеосы пайда болды. Бұл ретте мегаполистің өзінде күні бойы дерлік жаңбыр жауды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166799-almaty-mangyndagy-taularga-qar-zhaudy-foto/