Зектілері

Алматыдағы жексенбілік марафон: қай көшелер жабылады және автобус бағыттары қалай өзгереді

Жарияланған күні:

Марафонда жүгіріп бара жатқан ер адамдар
Марафонға қатысушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы жексенбіде Алматыда марафон өтеді. Қала тұрғындарына бірқатар көше жабылып, қоғамдық көлік қозғалысының өзгеретіні ескертілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда 29 қыркүйекте Almaty Marathon өтеді, осыған байланысты сағат 06.00-ден 12.30-ға дейін 74 автобус бағыттарының сызбалары өзгертіліп, троллейбус қозғалысы тоқтатылады.

Еске салайық, 29 қыркүйекте сағат 6:20-дан 12:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады.

Марафон Республика алаңында басталып, сол жерде аяқталады, сондықтан Сәтбаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жабылады.

29 қыркүйекте:

  • Назарбаев даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі қозғалыс 6:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Достық даңғылымен екі бағытқа балама жол қозғалысы ашылады.
  • Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі қозғалыс іс-шара күні сағат 6:30-дан 9:45-ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөліктің өтуі үшін ашық болады. Батыс бағытта балама жол қозғалысы Төле би көшесі мен Абай даңғылында ашық болады.
  • Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ішінара 6:35-тен 10:15-ке дейін жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылымен шығыс бағытта балама жол қозғалысы ұсынылады..
  • Саин көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта қозғалыс таңғы 7:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол қозғалысы ашық болады.
  • Абай даңғылының шығыс бағытындағы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:10-нан 11:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшесі бойынша балама қозғалыспен жүруге болады.
  • Абай даңғылындағы Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:20-дан 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойынша балама жол жүру.
  • Байтұрсынов көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 12:15-ке дейін толығымен жабылады.
  • Сәтбаев көшесі бойынша шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі қозғалыс 7:40-тан 12:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Төле би көшесімен балама жол қозғалысы ашық болады.
  • Шашкин көшесі бойынша әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:05-ке дейін толығымен жабылады. Марков көшесі бойынша балама жол қозғалысы ашық болады.
  • Тимирязев көшесі бойынша Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:15-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен балама жол қозғалысы ашық болады.
  • Байзақов көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:35-тен 08:50-ге дейін жабылады. Әуезов көшесі бойынша солтүстік бағытта, Манас көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалсы ашық болады.
  • Құрманғазы көшесі бойынша Байзақов көшесінен Байсетов көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:40-тан 08:10-ға дейін жабылады. Төле би көшесі бойынша шығыс бағытта балама жол қозғалысы ұсынылады.
  • Абылай хан даңғылы бойынша Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі қозғалыс ішінара 7:45-тен 09:15-ке дейін жабылады. Қонаев көшесі бойынша солтүстік бағытта, Достық көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалысы ұсынылады.
  • Желтоқсан көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:50-ден 09:20-ға дейін жабылады. Достық көшесі бойынша балама жол қозғалысы ұсынылады.
Автобустар қозғалысы схемасы
Автобустар қозғалысының схемасы: t.me/AlmatyJoly

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166945-almatydagy-zheksenbilik-marafon-qai-kosheler-zhabylady-zhane-avtobus-bagyttary-qalai-ozgeredi-syzba/