jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер қазанның алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

шам
Шам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер қазанның алғашқы күндері, яғни 1-3-і аралығында Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты. Кей өңірлерде жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, қазан айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік-батыс антициклоны республиканың батысы мен солтүстік-батысында құрғақ және шуақты ауа-райын қамтамасыз етеді.

Елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болады; оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды.

Температураның күрт өзгеруі күтілмейді.

Еске салсақ, еліміздің мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Синоптиктер қазанның алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.