jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

1 қазанда еліміздің үш өңірінде жылу беріледі

Ер адам радиаторды тексеріп тұр
Батарея. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астанада жылу беру маусымы басталды. Еліміздің электрэнергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Энергетика министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып кетті.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап жылыту маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарланып отыр.

2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазіргі таңда 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жылумен қамту саласында 2024 жылы 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 94,6 пайызына тең.

"Энергия көздерінің қоймаларында 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазут бар, бұл жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Барлық электр станция жылыту маусымының басталуына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін әкімдік өкілдері Алматыда жылыту маусымы қашан басталатанын айтқан болатын.

1 қазанда еліміздің үш өңірінде жылу беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.