jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Желіде Алматы облысындағы АЭС құрылысы туралы жалған ақпарат тарады

Инфрақұрылым
Инфрақұрылым. Фото: instagram.com/zhambyl_audany

Желіде Алматы облысы Үлкен ауылында Атом электр станциясының құрылысы басталғаны туралы тараған ақпартты Жамбыл ауданы әкімдігі жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында желіде АЭС құрылысы туралы жалған ақпарат тарағаны туралы мәлімдеме жарияланды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр.

Бейнероликте, болжам бойынша, Google Maps онлайн сервисі арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың Атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды.

Бейнежазбада көрсетілген нысан 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын іске асыру кезінде салынған инфрақұрылым", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыған. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталған.

2014 жылы "Балқаш жылу электр орталығы" жобасын іске асыру тоқтатылған.

"Онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілді", - дейді аудандық әкімдік өкілдері.

Желіде Алматы облысындағы АЭС құрылысы туралы жалған ақпарат тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.